медицина ЧП авиация карантин

Коронавирус Қазақстанда: 28 мамыр оқиғалары. Бір тәулікте Covid-19 жұқтырған 356 адам тіркелді

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. 76 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады. Жазылғандардың жалпы саны – 4 900. Көз жұмғандар – 37. Қазақстанда "Гидроксихлорин" және "Хлорохин" препараттарын Covid-19 инфекциясы бар науқастарды емдеу үшін қолдану тоқтатылды.

Бұл туралы "Sputnik Қазақстан" клиникалық хаттаманы әзірлеушілер тобының жетекшісі Бақыт Көшероваға сілтеме жасап хабарлады. "Қазіргі уақытта клиникалық хаттаманың сегізінші нұсқасында ДДСҰ мәлімдемесіне сәйкес халықаралық зерттеулерде көбірек дәлелдер алынғанға дейін "Гидроксихлорин" және "Хлорохин" препараттарын тағайындау уақытша тоқтатылды", – деді Бақыт Көшерова.

DMCA