медицина карантин Алматы

Коронавирус Қазақстанда: 19 мамыр оқиғалары. Маусымда басталуы тиіс халық санағы кейінге шегерілді

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. 67 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады. Жазылғандардың жалпы саны – 3 598. Көз жұмғандар – 35. Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына және карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жалпыұлттық халық санағының дайындық кезеңі 27 шілде – 25 тамыз аралығына ауыстырылды.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады. Бұған дейін 1-30 маусым аралығында халық санағын жүргізуге дайындық кезеңін өткізу жоспарланған болатын.

DMCA