Фонограммаға тыйым, жаттықтырушы жалақысы, ішкі туризм. Мәдениет және спортты дамытуда қандай жұмыстар қолға алынды?
порт саласындағы жаттықтырушы оқытушылардың, мұғалімдердің, 4 интернат-колледж бен спорт мектебінің жаттықтырушыларының жалақысы өседі", – деді Ақтоты Райымқұлова.Одан бөлек, кем дегенде 20 жыл еңбек еткен балет әртістері ай сайын соңғы 3 жылдағы жалақысының 60 пайызындай төлем алатыны белгілі болды.
Ал, допингке қарсы зертхана, ұлттық допингке қарсы орталық, дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік талдау орталығының спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларының жалақысы екі есе өседі.Министр кейінгі кездері халық арасында эстрада өкілдеріне қатысты наразылықтың күшейгенін, әсіресе, фонограммамен ән салушыларға қатысты сынның көбейгенін айтты.