педагог Қазақстан

"Мұғалімдер шамадан тыс есеп беруден арылады". Жаңа бұйрық жөнінде министр түсіндірмесі

Informburo.kz Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың түсіндірмесін ұсынады. Мен 2020 жылғы 6 сәуірде қол қойған № 130 бұйрықта орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі көрсетілген.

Бұдан былай мұғалімдерді шамадан тыс есеп беруден арылтатын заң жүзіндегі негіз пайда болды. Енді Министрлік бекіткен нақты тізім бар. "Педагог мәртебесі туралы" Заңға және Әкімшілік кодекске сәйкес, мұғалімдерден бекітілген тізімнен өзге құжаттар бойынша артық есепті талап еткендерді арнайы орган айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тартуға болады.

DMCA